

5 қазан күні

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-16 қазан аралығында өткізілетін

«Тарихқа тағзым – тілге құрмет» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты ашылу барысында алғашқы болып мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева сөз алып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды онкүндіктің ашылу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Үсенбаева оқушыларға онкүндік аясында өткізілетін дебат, ашық сабақтар, сайыстар мен ұлт тұлғаларына арналған шығармашылық бастамалармен таныстырды.
Сонымен қатар тарих пен тілдің сабақтастығын көрсететін түрлі танымдық ойындар өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың тарихи-танымдық білімдерін кеңейту, тіл мәдениетін дамыту, ұлт тарихындағы тұлғалардың өнегесін таныту және қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылығын арттыру.