17
октябрь
2023
Салауаттылық - денсаулық кепілі!
Салауаттылық - денсаулық кепілі!
Қазіргі кезде нашақорлықтың, электронды темекінің, лудоманияның жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы - өзекті мәселеге айналып отырғаны жасырын емес.
Нашақорлық - адам ағзасының қызметін бұзылуына алып келуімен сипатталса, лудомания - бұл жастардың құмар ойынға деген тәуелділігі болып табылады.
Осындай жат әрекеттердің алдын-алу мақсатында мектеп-интернатымызға "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" маманы Абдирова Зарина Жұмабайқызы келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сала маманы оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, оларды жат әрекеттерден аулақ болуға шақырды.


