"ЖАСЫЛ МЕКЕН" ЧЕЛЛЕНДЖІ » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2023

"ЖАСЫЛ МЕКЕН" ЧЕЛЛЕНДЖІ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің үйлестіруімен Республикамыздың барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған "Тоғыз айға 9 іс-шара" аясындағы "Жасыл мекен" челленджінен #8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты да қалыс қалған жоқ.
Челлендждің мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері:
1.Білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
2.Білім алушыларды табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу
3.Еңбекке деген құрмет сезімін ояту
Мектеп-интернатымызда білім алушылар мен мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлы бастаған директордың орынбасарлары, тәрбиеші педагогтар мен бірқатар қызметкерлер ағаш отырғызу акциясына қатысты. Осылайша жас өскіндеріміз ауланы жасыл желекке айналдырыру үшін  ағаш егіп, мектепті көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтауға үлес қосты. 
Және де педагогтар ағаштарды күтіп, баптау жұмыстарын оқушыларға түсіндіріп, "Ағаш егу - атадан балаға мирас болған сауапты іс. Бұл сауапты іс бұнымен тоқтамауы керек" деп, өзгелерді де  аталмыш шараға атсалысуға шақырды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив