"Оқуға құштар мектеп"
Мектеп- интернатымыздың акт залында 20 қыркүйек күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7-сынып оқушылары "Қыз Жібек" көркем фильмін көріп тамашалады. Мақсаты: "Қыз Жібек" жырын меңгерте отырып, мазмұнына талдау жасату, жырдағы кездесетін салт-дәстүрлер, олардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі орны туралы білім қалыптастыру. Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларын мақтан тұтуға, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.