ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2023

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

👩‍🏫Елдің ертеңгі буыны – ұрпақ келешегінің кемел, болашағының баянды болуы, ең әуелі мұғалімнің есімімен тікелей байланысты. Білім мен тәрбие құндылықтарын үздіксіз игертіп, сауатты және өз білімін туған жерінің игілігіне жұмсауға құштар жас өрендерді өсіріп, алтын ұяларынан ұшыру да ұстаздардың күнделікті тіршілігінің көрінісі. Сондықтан да бар адамзаттың құнды өмірлік тәжірибесін және адамгершілік негізін қалыптастырған мұғалімдер қауымын ұлықтап, құрмет білдіретін бұл күн – ұлық мереке.
💐ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
5 қазан "Ұстаздар күні" мерекесінде 
№8 мектеп-интернат оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұстазым - ұлағатым" атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада №8 мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлы ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, барша ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Оқушылар ән айтып, би билеп, ұстаздардың көңілдерін серпілтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив