

№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тіл мен тарих - ұлт тағдыры" атты онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Әшентаеваның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" повесінен үзінді. Идеясы, сюжеті тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

"Жусан иісі" повесі - халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс - тіршілігін шынайы сомдаған туынды. Шығарма Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңде болған оқиғаларды баяндайды. Әкесі мен анасынан ерте айырылған, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткені туралы жазылған. "Жусан иісі" повесі - қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.

Сабақ барысында оқушылар Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" повесімен танысып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы біліп, аталмыш туындыға әдеби талдау жүргізді.
Сонымен қатар әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, топтық, жұптық, жеке тапсырмаларды орындады.

Мақсаты: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.