
"Оқуға құштар" жобасы аясында
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Ержанованың ұйымдастыруымен оқырман конференциясында 7 сынып оқушыларына белгілі қазақ жазушысы, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" повесін таныстыра отырып, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылып, аталмыш туындыға әдеби талдау жүргізілді.

"Жусан иісі" повесі - халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс - тіршілігін шынайы сомдаған туынды. Шығарма Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңде болған оқиғаларды баяндайды. Әкесі мен анасынан ерте айырылған, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткені туралы жазылған. "Жусан иісі" повесі - қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.

Оқырман конференциясын өткізу мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды оқуды насихаттау.