Уақытша бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Уақытша бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру
10
апрель
2024

Уақытша бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Уақытша бос тұрған лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру


««Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысқа кетуіне байланысты уақытша бос тұрған оқу бөлімінің хатшысы лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.

  1. Оқу бөлімінің хатшысы негізгі функционалдық міндеті:

Мектеп-интернат директоры орынбасарының  қызметінің тиімді  жүргізілуін   қамтамасыз ету үшін техникалық функцияларды орындау. 

  • еңбек ақы көлемі 100 000 теңгеден бастап;

-  жұмыс уақыты 08.00-дан 17.30- ге дейін, апталық бес жұмыс күні.

2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:  

жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жалпы орта білімі мен бекітілген бағдарлама бойынша арнайы  дайындықтан  өтуі немесе бастапқы кәсіби  (орта арнайы, орта кәсiптік) білімі.   

3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды  қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы сәуір айының 26 күнгі сағат 18.00-ге дейін.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:       

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;    

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;      

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);      

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;      

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;  

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;      

8) психикалық және наркологиялық есепте жоқтығы туралы анықтама;

9) болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.        

5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.      



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив