Уақытша бос тұрған медициналық бикенің лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Уақытша бос тұрған медициналық бикенің лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
03
октябрь
2024

Уақытша бос тұрған медициналық бикенің лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120008, Ғ. Мұратбаев көшесі,44, электрондық мекен-жайы: 8-internat@mektebi.kz, уақытша бос тұрған медициналық бикенің лауазымына орналасу үшін конкурс жарияланғандығы туралы хабарлайды.

  1. Медициналық бикенің негізгі функционалдық міндеті:

Тәрбиеленушілерді профилактикалық тексеруден өткізу және мекемеге түскен балаларға дәрігерлік тексеру жүргізу шараларына қатысу. Емдiк-диагностикалық манипуляцияларды өткізу кезінде дәрiгерге  көмектесу. Дәрiгер тағайындаған шаралар мен процедураны уақытында және сапалы орындау.

  • еңбек ақы көлемі 200000 теңгеден бастап;

-  жұмыс уақыты ішкі жұмыс кестесіне сай.

2. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:  

жұмыс өтіліне талап қойылмайтын «медициналық бике ісі» бойынша  медициналық арнаулы орта білімі  

3. Конкурсқа қатысуға құжаттарды  қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы қазан айының 17 күнгі сағат 18.00-ге дейін.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:       

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;    

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;      

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);      

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;      

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;  

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмысқа жарамдылығы (денсаулық жағдайы) туралы анықтаманы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы;      

8) наркологиялық, психикалық және туберкулез науқасымен диспансерлік есепте жоқығы туралы анықтама;

9)  болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.        

5. Әңгімелесу Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 44 үйде өткізіледі.      


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив