24
ноябрь
2023
МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН
МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН 


ЖАН-ЖАҒЫҢА ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕСЕҢ,
ЖАҚСЫЛЫҚ ӨЗІҢЕ ҚАЙТА ОРАЛАДЫ.
БҰЛ-ТАБИҒАТ ЗАҢЫ!
ЕШБІР БАЛА ЖЫЛАМАСЫНШЫ ,КӨҢІЛДЕРІНЕ ҚАЯУ ТҮСПЕСІНШІ. АЛЛА ОЛАРДЫ АДАСУДАН САҚТАП,ТҮЗУ ЖОЛЫН БЕРІП, ТЕК ЕРКЕЛЕП ӨМІР СҮРСІНШІ.
Қазақта айтады ғой " Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет қыл " деп.
Міне, біздің аудан әкімі
Жандос Еркінбекұлының қолдауымен, бастамасымен бүгін осындай ерекше қамқорлықтағы балалардың жағдайын біліп, көріп, қуантып келдік.
Бақыт апай екеуміз қыркүйек айында облыстағы Сегізінші Интернат мектепке апарып , орналастырып кеткен болатынбыз. Әрине байланыс үзілген жоқ, телефонмен байланыста болдық.
Балалардың айнадай ажарларын, жарқыраған жүздерін көріп, мінездері ашылған , құшақтарын ашып ,бетімізді сүйіп , сағыныштарын жеткізгендеріне сондай жүрегіміз езілді.
Бастысы балалар ерекше назарда, таза, жылы орындары бар,мейірімді ұстаздар тәрбиесінде.
Тамақ ішетін орнынан , жатын орнына дейін танысып аудан халқының атынан ризашылығымызды , алғысымызды жеткіздік. Сегізінші Интернат мектеп ұжымына тек толағай табыс, абырой тілейміз. Жасаған еңбектеріңіз бен қызметтеріңіз тек Алладан еселеп қайтсын.
Жандос Еркінбекұлы Сізге және командаңызға Алла разы болсын!
Әрбір бастамаларыңыз сәтімен және берекесімен болсын! Балалардың қуанышы отбасыларыңызға еселенген бақыт пен жақсылық әкелсін!
Алдағы уақытта да балаларды қуанту жалғасын табады деген зор үміттеміз.