19
январь
2024
Жылыжай
Жылыжай - жылу сүйетін көкөністер мен басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін құрылыс. 2023-2024 оқу жылында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлының қолдауымен жылыжай жұмысы қарқынды жүре бастады. Арнайы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Қосанов Самалбек Оразбайұлының кеңесімен мектеп-интернат жылыжайында голландиялық қияр «Хайрот F1» түрі ұжым қызметкерлерімен егілді. Оқушыларды құнарлы және табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін жасалынып жатқан бастама жүзеге асты. Сонымен қатар жылыжайда оқушылар биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жасауға мүмкіндік алды. Ерінбей еңбек еткен адамға Жер-Анамыздың берері көп, ендігі кезекте осы еңбектің нәтижесінде өнім алу. Жылыжайдан өнім алу мектеп-интернат үшін маңызы зор. Бұл орайда мектеп-интернат асханасының ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы, ешқандай қоспасыз өскен таза өніммен толығады. Оқушыларды еңбек етуге баулып қана қоймай, олардың қызығушылығын оятады.