Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыстар. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыстар.
11
январь
2024

Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыстар.

Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Үйірменің үйретері көп. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру өте маңызды. Осы бағытта №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің 2023-2024 оқу жылында үйірме жұмыстарымен қамтылуы басты назарда ұсталып, бұл жұмыстар биылғы оқу жылында жалғасын тауып жатыр. Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлы мен «Айханым» шығармашылық орталығының атқарушы директоры Бижанова Айгерим Арыстанбековна балаларға шығармашылық үйірмелер қызметерін көрсету, оларды шығармашылыққа баулу және қамтуға өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандум аясында «Вокал», «Халық биі», «Заманауи би», «Домбыра», «Гитара», «Сурет салу», «Бисермен өру» үйірмелерімен қамтылды. Сонымен қатар спорт мектебінің директоры Бижанов Данияр Тұрмағанбетұлының орталығына да балалар бокс, самбо, дзюдо, каратэ-до, күрес т.б спорт түрлеріне барып шұғылдануына мүмкіндік ашылды. Осы аталған орталықтарға оқушылардың барып келуі үшін Қызылорда облыстық білім басқармасы қамтамасыз еткен 2023-2024 оқу жылында қолданысқа берілген арнайы шағын автобус пайдаланылуда. Бұл орталықтарға 140-қа жуық оқушы қатысады. Оқушылардың болашағы үшін жасалынып жатқан жұмыстар мен қолдаулар жас ұрпақты дамытып, еліне із қалдыратын тұлға болып қалыптасуы үшін демеу, үлкен үлес. Оқушылар үйірмелерге қызыға ынталанып қатысулары байқалады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив