14
март
2024
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ертеде кең даланы көсіле жайлаған бабаларымыз көктем келіп, Жер-Ана бусанған уақытта бір-бірімен сағынысып жүздесіп, төс қағыстырып, мал-жан сұрасатын болған.Бүгінде бұл күнді 14 наурыз – Көрісу күні дейміз. Әдетте бұл күннің Амал мерекесі деген де атауы бар. Көпшілік қауым осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілесіп, ақжарқын көңілмен көрісіп шығады. Көрісе отырып, бір-біріне “Бір жасыңмен!”, “Жасың құтты болсын!”, “Жасың қайырлы болсын!” деген игі тілектерін білдіреді.
Ендеше, бүгінгі береке мен бірліктің мерекесі құтты болсын!