30
март
2022
Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз-думан, Наурыз-той...
Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жаңашылдық пен жасампаздық рухтың жаршысы әз-Наурыз мерекесі біздің ұжымда биыл тамаша бастау алды.
Мектебіміздің басшысы Еркін Кенжебайұлының бастамасымен ұжым ардагерлерімен бірге мектеп-интернат ауласына тал отырғызу дәстүрі қолға алынды.Тал отырғызу-сауапты іс,жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса,күні ертең жайқалып,жапырағы дараққа айналып, жазда сая,қыста пана болары сөзсіз. Осындай ұстаныммен басталған игі іс, ардагерлеріміздің ақ дастархан басындағы ақ батасына ұласты. Ұжымға ауызбіршілік пен татулық тілеген ардагер ұстаздарымызға ұжым тарапынан сый-сияпаттар жасалынды.Сонымен қатар Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байқау қорытындысы бойынша үздік педагогтарымыз кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды. Наурыз тойы ұлттық ойындар мен мерекелік ән шашуларға ұласты.


