"Репродуктивтік саулық. Оны сақтау дағдылары" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Репродуктивтік саулық. Оны сақтау дағдылары"
19
январь
2024

"Репродуктивтік саулық. Оны сақтау дағдылары"

16 қантар күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында ведомство аралық біріккен жоспар бойынша 8-9 сынып оқушыларына педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен және №3 емханадан келген маман психолог Садыкова Гүлдана Әділбекқызының қатысуымен "Репродуктивтік саулық. Оны сақтау дағдылары" тақырыбында толық ақпарат беріліп, кездесу өткізілді. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы екендігі түсіндірілді. Репродуктивтік саулық - адам мен қоғамның баланың дүниеге келіп, дені сау ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасау мен жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын адам мен қоғам денсаулығының негізгі құрамдасы. Сондықтан оқушылардың болашағын қалыптастыруға, бағыт-бағдар алуларына жол көрсетер түсінік беру маңызды.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив