"Мектебім-мейірім мекенім" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2024

"Мектебім-мейірім мекенім"

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады. 
  Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Оқушылар білімді, ұстаздар білікті болсын! Ұл-қыздарымыздың дені сау, оқуда озат, әрқашан да жетістіктерімен қуантып, қатарының алды болуына, абыройлы болуына тілектеспін.
Ізгі ниетпен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив