19
январь
2024
"Мектептегі буллинг"
Мектеп-интернатымызда мектеп парламентінің ұйымдастыруымен "Мектептегі буллинг" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Буллингтің түрлері мен себептері туралы ақпарат беру.
Дөңгелек үстелге ҚБП жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Еркебала Артықбаева,
Әліарыстан ата мешітінің бас имамы Ержан Абдикаримов, мектеп-интернаты ата-аналар комитетінің мүшелері Рустем Анафин мен Индира Ерубаева, ардагер ұстаз Сәдірбай Әлсейітов және мектеп-интернат педагогтары мен мектеп парламентінің мүшелері қатысты.
Иә, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, бір-біріне қысым көрсету - бүгінгі заман ағымында өзекті мәселеге айналып отыр.
Осы мәселенің алдын-алу үшін білім ошақтарында ақпараттандыру жұмыстарын жиі өткізу қажет.
Дөңгелек үстелде аталмыш тақырыпта баяндама оқылып, бейнеролик көрсетілді. Буллинг пен кибербуллинг мағынасы түсіндіріліп, мектепте кездесетін түрлеріне тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар буллинг тақырыбын кең көлемде талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Полиция қызметкері кез-келген зорлық-зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығын ескертсе, дін қызметкері қорлау мен кемсітудің дін тұрғысынан жасалған тыйымдары мен хадистерді жіктеп айтты.
Ардагер ұстаз С.Әлсейітов сынып ұжымын сыйластыққа бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу шараларының тәжірибелерімен бөлісті.
Ата-аналар буллинг тақырыбы ерекше мәнге ие екенін атап айтса, педагогтар оларды мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жүзеге асыра отырып бала тәрбиесін нығайтуға шақырды.
Оқушыларға қорлау әрекетінің құрбаны болған жағдайда не істеу керек және буллинг жасау қаупі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Олар осы жағдайда алдымен жақындары мен ұстазы, тәрбиеші апайы мен психологтан көмек сұрап, кеңес алуға болатынын түсінді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар оқушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
[media=https://www.facebook.com/mektep.internat8.kz/videos/226963270466473]