✨Құрметті ардагерлер! » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2024

✨Құрметті ардагерлер!

✨Құрметті ардагерлер! 

Сіздерді 1️⃣ қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймын!
Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – бәріміз үшін парыз.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. 
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін.    
Берекелі Тәуелсіз еліміздің бірлігінің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.                                                                                                             
Мереке құтты болсын!                                       
Ізгі ниетпен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив