8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
11
март
2024

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 🌹8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. Ұжымның ер-азаматтары нәзік жанды аруларды мерекелерімен құттықтап, ән-шашуларын арнады. Мерекелік шараның құттықтау сөзін мектеп-интернат директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлы алып, ұжымдағы ардақты аналарды, аяулы аруларды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, жұмыстарына табыс және әйел бақытын тіледі. Сонымен қатар мектеп-интернаттың кәсіподақ ұйымының төрайымы Умирзакова Роза Жақсылыққызы да көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, көктемнің гүліндей құлпырып, жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін деп игі тілегін айтып өтті. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, болашақ ұрпақ тәрбиесіне аянбай күш-жігерлерін жұмсап, қызмет атқарып жүрген қызметкерлерді Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және мектеп интернат директоры мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат тарту етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив