30
март
2022
"Үздік панорамалық сабақ - 2022"
26 наурыз күні мектеп-интернатымызда педагогтардың кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және озық педагогикалық іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында "Үздік панорамалық сабақ - 2022" байқауы өткізілді. Байқауға әр бірлестік бойынша алты педагог қатысты. Байқаудың бірінші бөлімінде панорамалық сабақ көрсетіліп, екінші бөлімі эссе жазуға ұласты. Барлық қатысушылар оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдаланып, шығармашылық іс-әрекеттерін көрсете білді. Байқау нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен "Үздік сабақ-2022" номинациясын тарих пәнінің мұғалімі Әбілғазиева Қазтай иеленді. Қалған қатысушы педагогтерімізге "Жаңашыл педагог", "Ізденімпаз педагог", "Шығармашыл педагог", "Ұшқыр ойлы педагог" номинациялары беріліп, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.





