🔔"Соңғы қоңырау"🔔 » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2026

🔔"Соңғы қоңырау"🔔

🔰25 мамыр 2026 жылы 🏫№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында білім жолындағы белестердің бірі 🔔"Соңғы қоңырау"🔔 мерекесіне орай "Сәт сапар саған, жас түлек!" атты салтанатты жиын өтті. 
🌺Салтанатты жиын еліміздің Әнұранымен ашылды. Мектеп-интернат директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлы, мектеп- интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Гүлфарида Сейткамалқызы және ұстаз ардагерлері оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
🌺Соңғы қоңыраудың соғылуы - балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басудың белгісі. Көпшілігің болашаққа жоспар құрып, асыл мақсаттарыңызды айқындап та қойған боларсыздар. Сол биік мұраттарға жетулеріңізге тілектеспін. Өмір жолдарыңыз ашық болып, бастаған істеріңізге сәттілік серік болсын! - деді өз құттықтауында мектеп-интернат директоры.
🌺2025-2026 оқу жылында жыл бойы еңбектеніп, үздік оқығаны үшін оқушыларға мадақтама қағаздары табысталды.
🌺Түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдаса, түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, ақ тілегін арнады. 
🌺Жиын қоңырау соғу рәсімімен және түлектердің вальсімен қорытындыланды.
https://www.facebook.com/share/v/1B9EevtPA7/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив