🔔"Соңғы қоңырау"🔔 » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2025

🔔"Соңғы қоңырау"🔔

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
23 мамыр 2025 жылы 🏫№8 облыстық санаториялық мектеп-интернатында білім жолындағы белестердің бірі 🔔"Соңғы қоңырау"🔔 мерекесіне орай"Мектебім саған мың алғыс" тақырыбында салтанатты жиын өтті. 
🌺Салтанатты жиын еліміздің Әнұранымен ашылды. Мектеп-интернат директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлы және мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Гүлфарида Сейткамалқызы оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
🌺Соңғы қоңыраудың соғылуы - балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басудың белгісі. Көпшілігің болашаққа жоспар құрып, асыл мақсаттарыңызды айқындап та қойған боларсыздар. Сол биік мұраттарға жетулеріңізге тілектеспін. Өмір жолдарыңыз ашық болып, бастаған істеріңізге сәттілік серік болсын! - деді өз құттықтауында мектеп-интернат директоры.
🌺2024-2025 оқу жылында жыл бойы еңбектеніп, үздік оқығаны үшін оқушыларға мадақтама қағазы табысталды.
🌺Түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдаса, түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады. 
🌺Жиын қоңырау соғу рәсімімен және түлектердің вальсімен аяқталды. 
🌺Жиыннан соң ұстаздар оқушыларға "Білімім - Отаныма" атты сынып сағатын өткізді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив