

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ халқының аса көрнекті жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай "Сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт" тақырыбында 17 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Ержанова және тәрбиешілер П.Кисигова, Г.Ерниязованың ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өтті.

С.Торайғыров қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтерген, реалист ақын, халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман етіп өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға қосып ұлт үшін күрескені туралы баяндалды. Оқушылар өлең жолдарын мәнерлеп жатқа айтып, сөзтізбек ойынымен жалғастырды. Жастық жігер, патриоттық күш бойларына жинақтады.

Мақсаты: Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін молайту, жас ұрпаққа ана тілінің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың еңбектерін құрметтеуге үйрету. Ұлы тұлғаларды ұлықтау.

