

26 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Ержанованың ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларына "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы!" атты танымдық сағат өткізілді.
Мемлекеттік рәміздердің тарихына тоқталып, авторлар туралы мағлұмат берілді. Оқушылар патриоттық әндер орындап, викториналық ойын ойнап, өлең шумақтарын оқып, түрлі сұрақтарға жауап алды. Арнайы дайындалған слайд, бейне-роликтер көрсетіліп, танымдық сағатында туған еліміз Қазақстан туралы көптеген мәліметтер айтылды.

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін нығайту, оның тарихтағы орны жайлы білімдерін тереңдету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, еңбекке, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге бейімдеу, тарихын білуге тәрбиелеу.

