16
ноябрь
2023
"Тіршіліктің негізі - салауатты болашақ"
Іс-шараға Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының маманы Кұлмұратова Айман Задашқызы, мектеп-интернат дәрігері Зауре Көбеева қатысып оқушыларға дұрыс тамақтануды, есірткі және нашақорлық, ішімдік ішу, электронды темекі, кальян т.б. зиянды әдеттерден аулақ болу және алдын алу туралы слайд, бейнеролик корсетіп, адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланбау керектігін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Оқушылар аталған тақырып бойынша толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қойған сұрақтарына толыққанды жауап алды. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Темиров сөз алып, келген маманға мазмұнды ақпараттар мен пайдалы кеңестері үшін ризашылығын айтып, алғысын білдірді.


