

Құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 10 қараша күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат оқушыларына сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.

Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Темиров ашып, мектеп-интернаттың ішкі тәртіп ережесіне бағыну және оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. Оқушылармен кездесуге келген Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбілқасымов Руслан Жарылқасынұлы және Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің полиция майоры Соболев Виталий Алексеевич құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, лудомания, кибербуллинг, нашақорлықтың зияны мен зардаптары туралы және оның алдын алу жолдарын, интернетті жүйелі пайдалануды, беймезгіл уақытта заңды өкілсіз жүрмеуді оқушыларға айтып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар сала мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ойларын толықтырды.

Оқушылармен кездесу өткізудің басты мақсаты жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу.
