
17 қараша күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат меңгерушісі Ж.Орынбасарова және тәрбиешілердің ұйымдастыруымен "Ақыл айтпа, жол көрсет" тақырыбында танымдық сағат 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.

Танымдық сағат өткізу барысында ата-аналар қызықты ойындар ойнап, түрлі тапсырмалар орындап, өзара бір-біріне шын жүректен шыққан ыстық ықылас лебіздерін жүрек символын беру арқылы жеткізді. Жиналыс соңында ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсартуын, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Отбасындағы ұлттық тәрбиенің құндылығы жайлы жан-жақты түсіндіру.