«Қызылша ауруы туралы не білеміз?» » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қызылша ауруы туралы не білеміз?»
30
ноябрь
2023

«Қызылша ауруы туралы не білеміз?»

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында балалар дәрігері Ә.Бұхарбаева  қазіргі таңда алаңдатып отырған індет – қызылшаға қарсы күрестің алдын алу мақсатында оқушыларға «Қызылша ауруы туралы не білеміз?» тақырыбында лекциялық жұмысын  жүргізді. 
      Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе қызылшаға қарсы екпе салдырмаған адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып, ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары.
          Белгілері: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, жөтел, мұрыннан су ағуы, тамағы ауырып, кейінірек конъюнктивит - көздің шырышты қабығының қабынуы, қызарып, жасаурап, денеде қызыл бөртпелер пайда болады яғни жоғарыдан төмен қарай бас бөлігінен бастап денеге қолға-аяқтарға қызыл бөртпелер шығады. 
        Қабынуы балаларда 5 жасқа дейін, ал 20жастан асқандарда жиі дамиды. Ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), бронхтық пневмония, мойын лимфоузолдарының қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін төсекте жату режимі, суды көп ішу, қызуын түсіретін, тұмау және тамақ ауруын, витаминдерді қабылдау. Қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі. Алдын алудың бірден бір жолы  - қызылшаға қарсы екпе егу. Аурумен қатынаста болған екпелері жоқ балаға  72 сағат ішінде екпе егілуі керек. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив