"Домбыра - дастан" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2023

"Домбыра - дастан"

🔰30 қараша күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының музыка пәні мұғалімі Г.Кирбасова, музыка жетекші Ж.Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен "Домбыра - дастан" атты Домбыра paty әдеби сазды кеші өткізілді.
🎶 Халық өнері - асыл қазына. Сыры ғасырлар бойы сақталған өнер қазынасын қазақ ұлтымен бірге жасайтын ұлттық музыка мәдениетінің сан алуан сырын ашатын рухани мұра. Осы өнерді кейінгі ұрпаққа насихаттау үшін домбыраның шығу тарихы жайлы аңыз көрсетіліп, оқушылармен бірге ән шырқалып, Құрманғазы мен Дәулеткерей, Тәттімбет пен Сүгірдің, Қазанғап пен Динаның күйлері орындалды. Біздің мәдени құндылықтарымызбен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан ұрпаққа қалдыру ізі жүзеге асырылды. 
✅️Мақсаты: Қазақтың ұлттық өнерін, ұлттық музыкасын насихаттау, игі дәстүрін, құндылықтарын дәріптеу, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив