
29 қараша күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Ержанова және "Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана" КММ-мен бірге бірлесе отырып

"Кітаппен бірге өсеміз"

тақырыбында 6 сынып оқушыларына әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді.

Оқушылар кітап қадірі туралы өлең жолдарын оқып, кітаптан алар білім көп екенін, білімді кітап арқылы шыңдайтынын түсініп ұғынды.

Білім алудың басты құралы - кітап.
Кітап - адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал.

Әдеби кеш соңында оқушылар "Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана" КММ-нің директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлының алғыс хатымен марапатталып, қоса сыйлықтар тарту етілді.

Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың шығу, жасауы жолдарын білуге үйрету. Білім негізі кітапта екенін ұғындыру.