12
декабрь
2023
"Электронды темекі - бүгінгі күннің ермегі"
Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықпен қатар темекі, насыбай т.б адам денсаулығына зиянды заттарды пайдалану жиі кездеседі. Оның алдын алу үшін үйде ата-ана, мектепте мұғалім үнемі балаларды бақылауда ұстап, алдын алу шараларын жүргізіп отыруы қажет. Осы мақсатта мектеп-интернатымызда "Электронды темекі - бүгінгі күннің ермегі" тақырыбында арнайы маманмен кездесу өткізілді. Арнайы шара барысында ҚПБ ЖПб инспекторы, полиция капитаны Ғ.Ақберген түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция өкіліне оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.