12
май
2023
"Кәмелетке толмағандар арасында суицид, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша
Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановпен бекітілген "Кәмелетке толмағандар арасында суицид, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 2023 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына " сәйкес кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында валеология күшейтілген компоненті бойынша түсіндірме сағаттарын жүргізу қаралған. Осыған орай бүгін 12 мамыр күні √8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында педагог-психолог Акмурзаева Бахыткуль ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға толық жауап берді.



