15
декабрь
2023
"Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - заман талабы"

А.Үсенбаеваның ұйымдастыруымен "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - заман талабы" тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг жүргізушісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Үсенбаева Анар әріптестері үшін функционалдық сауаттылықты дамытуда кездесетін кедергілер мен оларды жою жолдары, түрлі жағдаяттарды шешу жолдары, практикалық кезеңінде функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды ұсынды. Сонымен бірге креативті ойларға жетелейтін шығармашылық тапсырмаларды топпен орындап, қатысушылар тұщымды мағлұматтар алып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.