

7 желтоқсан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп интернатында қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің "Тәуелсіздік - айбыным" атты онкүндігі аясында тарих пәні мұғалімі Г.Кенесары 7 сынып оқушыларына "Желтоқсаным - жүрегім, Тәуелсіздік тірегім" тақырыбында дөңгел үстел өткізді.

Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың суреттерін, жасаған батырлықтарын слайд арқылы көрсетті. "Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау екенін, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті екенін түсіндірді. Дербес еліміздің рәміздерін, өз Ата Заңын, ұлттық валютасына қол жеткізген тарихын баяндады. Астанамыздың даму қарқынымен таныстырды.

Мақсаты: Қазақ елінің сан ғасырлар бойы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу, ұлт тәуелсіздігінің қалай келгенін ұрпақ жадында ұялату, білім алушы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтына еңбек етуге тәрбиелеу.

