📚"Оқуға құштар мектеп" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
декабрь
2023

📚"Оқуға құштар мектеп"

📚"Оқуға құштар мектеп" жоба аясында 
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Шакиеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларына Қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым - Қожа" повесі желісі бойынша "Балалық шағын балаларға үлгі еткен" тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, "Менің атым - Қожа" повесінің кейіпкерлеріне талдау жасады.
📚 "Менің атым - Қожа" повесі Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған,  балдәурен әсерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдарды тебірене толғайтын шығармаларының бірі. Повесте зерек, алғыр, ақкөңіл, қоршаған ортасын бақылап жүретін бала туралы жазылған. Бұл повесть өте қызық, әрі күлкілі оқиға.
✅Мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, әңгіме бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив