25
январь
2024
"Ұлттық құндылық - ұлт болашағы"
22 қаңтар күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 22-26 қаңтар аралығында "Ұлттық құндылық - ұлт болашағы" тақырыбында тәрбиешілер бірлестігі апталығының ашылуы болды. Апталықтың ашылуы барысында 2 сынып оқушыларына тәрбиешілер Ұ.Жорабекқызы "Ұлттық құндылық - ұлт болашағы" атты бұрыш ұйымдастырса, 23 қаңтар күні М.Омарова "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы" тақырыбында, Т.Маханова "Ұлттық құндылық - ел қазынасы" тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. 24 қаңтар күні 3 сынып оқушыларына Л.Көлдеева "Ұлттық ою-өрнектер" танымдық сағатын өткізсе, М.Молдашова "Асық-қазақ халқының ұлттық ойыны" спорттық сайыс өткізді. Оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп би билеп, ән салды. Арнайы жасалған бұрыштан сөз жұмбақ, ребусты шешті. Түрлі ұлттық ойындар ойнады. Еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігімізбен ұлттық құндылықтарымызды сақтау - қымбат қазына. Ол ғасырлар бойы атадан мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Халықтың тарихын, дәстүрін сонау кездерден біздің уақытқа жеткен мұрасы. Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды терең сіңіре отырып, өнегелі тәрбие беру басты мақсатымыз.
