15
февраль
2024
"Мен таңдаған мамандық"
14 ақпан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Мейірімді әлем" апталық жұмыс жоспарына сәйкес директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары М.Әбенова, педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруларымен "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында маман иелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледж маманы Н.Ж.Сисенбиев, Қызылорда медициналық жоғарғы колледж маманы М.А.Сейтжанова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж мамандары С.Е.Ибрагимова және Е.А.Ернар келіп қатысты. Оқушыларға және олардың ата-аналарына мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беріп, ойларын назарға ала отырып, кеңестер берді. ✓Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Бүгінгі шәкірт - ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу - ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата-аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі айтылған ақыл-кеңес оқушыларға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болады деп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева кездесуге келген мамандарға ризашылығын айтып, алғысын білдірді.


