10
март
2022
"Оқуға қайда барамыз?"
4 наурыз күні мектеп- интернатымызда оқушыларымызға кәсіптік бағыт- бағдар беру, таңдау мүмкіндіктерін шешу мақсатында
"Оқуға қайда барамыз?" тақырыбында колледж мамандарымен кездесу болып өтті. Кездесуге Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің пән оқытушысы Тобжанова Бибіжан, осы колледж маманы Рысмамбетова Гүлнұр және бірінші курстың озат студенті Мақсұт Лаура, сонымен бірге Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің өндірістік оқу шебері Джаркимбаева Зинат қатысып, мамандықты таңдауда қазіргі еңбек нарығына сұранысқа ие мамандықтар туралы тұшымды ақпараттар беріп, оқушыларымыздың мамандық таңдауына ақыл кеңестерін беріп, сұрақтарына жауап берді.
Біз де өз түлектерімізге мамандық таңдауда сәттілік тілейміз.

