"Қош келдің, әз-Наурыз!" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2024

"Қош келдің, әз-Наурыз!"

14 наурыз күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында бастауыш тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы Наурыз мерекесіне орай🌷"Қош келдің, әз-Наурыз!"🌷атты  мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеш Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы видеороликтен бастау алып, ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыру тұрғысында оқушылар көрініс көрсетіп, би билеп, жыр шумақтарын айтып, әннен шашу шашып, "Қол күрес", "Асық" "Аударыспақ" атаулы қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. 
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар, - деп бүгінгі кештің қонағы Қыдыр ата ақ батасын берді.
Мерекелік кеш соңында директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары М.Әбенова сөз алып, бүгінгі өткізілген мереке ойдағыдай көтеріңкі көңіл-күймен ұйымдастырылғанын айта келіп, қатысушы оқушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив