Наурыз мейрамы - түркі халықтарының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан басты қуанышы. Бұл мереке - қытымыр аяз бен қара суықтың орнына көктемгі жайма-шуақ ауа райы орнап, мыңдаған шақырымды еңсерген құстар аяулы ұяларына қайта оралатын, тіршілік атаулы жанданып, жаңара түсетін берекелі мезгілдің мәртебелі мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні мектеп-интернатымыздың оқушылары ұлттық нақышта киім киіп көңілді үзіліс ұйымдастырды. Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтар қойып, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтқызып, жауап берген оқушыларға бауырсақтар таратылды.