Қылышын сүйретіп келген қыс мезгілі балалар үшін таңғажайыпқа толы, оларға зор қуаныш сыйлайды. Қыстың ызғарына қарамастан қалың қар жауған күні беттерін аяз шымшып тұрса да бала біткен ойынға шықпай қалмайды. Сырғанақ теуіп, шанасын сүйреген балақайлар мәз-мейрам болып қалатын шақ.
31 қаңтар күні "ДосболLike: Достық қолын ұсын" акциясы аясында балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 3 сыныптар арасында "Қыс қызығы тамаша!" тақырыбында қыстық спорттық жарыс өткізілді.
Мақсаты: Балаларды достық қарым-қатынасқа баулу, қыс мезгілінің ерекшеліктерін аңғарту, қыстық ойындар арқылы қимыл-қозғалыстарын дамыту.
Тартысқа толы жарыста оқушылар "Кім жылдам?", "Хоккей ойыны", "Шанамен жарыс", "Кім мерген", "Қар тасу" секілді 6 кезеңнен тұратын ойын түрлерін аса қызығушылықпен ойнады.
Ашық аспан астында қыс қызығына тоймаған оқушылар өзара достық қарым-қатынастарын нығайтып, жарыстан көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.