

"Ұлы даланың ұлылары"

атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер Ж.Әмірова, М.Сатованың ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларына Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналып, "Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде 1905-1908 жылдар аралығында білім алады.
Сәкенді ата-анасы – Сейфолла мен Жамал азан шақырып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына еркелетіп Сәкен деп атап кеткен.
1930 жылдары сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған бірден-бір тұлға.1938 жылы өлім жазасына кесіліп, атылды. 1957 жылы қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақталды.

Сәкен Сейфуллин қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.

Танымдық сағат барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, өздері оқыған ақын өлеңдерінің мәні мен мағанасына, тарихына терең үңіліп ақын шығармашылығымен жақынырақ танысты.

Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған Сәкен Сейфуллин ақын осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, өлеңдері халқымен бірге жасай бермек.

Танымдық сағаттың мақсаты: Ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
