"Ең таңдаулы шығарма..." тақырыбында сахналық кеш өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ең таңдаулы шығарма..." тақырыбында сахналық кеш өткізілді.
16
октябрь
2024

"Ең таңдаулы шығарма..." тақырыбында сахналық кеш өткізілді.

⚜️"Ұлы даланың ұлылары"⚜️ атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер А.Мусабекова, Ұ.Жорабекованың ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларына жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналып, "Ең таңдаулы шығарма..." тақырыбында сахналық кеш өткізілді.
Сахналық кеш барысында жазушының өмірі мен қызметі, шығармаларының ерекшелігі, әдебиетке қосқан үлесі жайлы айтылды. Жазушының шығармашылығын кеңінен талданды. Әңгіме шолу және сұрақ –жауап ойындары ойнатылды. Көпшіліктің сүйікті шығармаларының бірі де бірегейі «Менің атым Қожа» атты шығармасы желісі бойынша кино фильмінен үзінді көрсетілді.  
✍Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. 
Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
✅Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу. Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив