

"Ұлы даланың ұлылары"

атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер Б.Исаева, Л.Есполованың ұйымдастыруымен 2 сынып оқушыларына "Ұлы тұлға - Ыбырай Алтынсарин" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Ыбырай Алтынсариннің көптеген әңгімелері ертегілері бар. Мысалы: "Әке мен бала", "Мейірімді бала", "Аурудан аяған күштірек", "Салақтық", "Әділдік", "Бір уыс мақта" әңгімелері және "Мақта қыз бен мысық", "Қарабатыр" ертегілері бар.

Ыбырай Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білімді алуға шақырса, әңгімелері еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ағартушы-ғалымы, көркем сөздің ұстасы, терең ой-пікірдің иесі 1841 жылы қазан айының 20-күні қазіргі Қостанай облысы, Арқарағай өңірінде дүниеге келген.

Ғылымды игеріп, даналыққа жетуге жол бастар ұстаз болған Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 17-жұлдызында Қостанай қаласынан үш шақырымдай жерде орналасқан Тобыл өзенінің иіні, «Инспектор көлі» жағасында салдырған өз үйінде бақилыққа аттанды.

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Ыбырай өлеңдері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

