Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 20 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін онкүндік шеңберінде "Адам құқықтары жолында - дұрыс жолды таңдаңыз!" тақырыбымен АИТВ инфекциясының алдын-алу мақсатында
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат оқушыларына Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығының социолог маманы Н.Әмитов, Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының мамандары А.Құлмұратова, Р.Джумадильдаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында мамандар оқушыларға АИТВ - инфекциясын алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат беріп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, сондай-ақ адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.