"Сыныптағы буллинг" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2024

"Сыныптағы буллинг"

🔰2 сәуір кұні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының педагог-психологы Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушыларына "Сыныптағы буллинг" тақырыбында Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының психолог мамандары Р.Жумадильдаева, И.Каниеваның қатысуымен кездесу өткізілді. 
Психолог мамандар оқушылармен кездесу барысында кез-келген жастағы адам үйде, мектепте, көшеде, жұмыста, оқу орнында яғни барлық жерде буллингке ұшырауы мүмкін екенін айтты. Алайда, ешкімнің өзін ренжітуге немесе өзі жайлы жаман ойлауға мәжбірлеуге құқығы жоқ екендігін айтып, олардан қорғану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар тақырып бойынша бейнеролик көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию оқушыларға кері әсер ететіні туралы толық мағлұматттар беріп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Шара соңында психолог мамандар оқушылармен ойын-жаттығулар жүргізді. Оқушылар ойын-жаттығуды жақсы көңіл-күймен орындап, белсенділік танытып, қызығушылықтарын көрсетіп, психолог мамандарға алғыстарын білдірді. 
📌Буллинг (bulling) - aғылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді.
✅️Мақсаты: Жасөспірімдер кезеңіндегі кездесетін булингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтарын және оның алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив