

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің "Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі" тақырыбындағы онкүндігі басталды.

Онкүндік мақсаты: Оқушылардың ел тарихына, рухани мәдениетіне қызығушылығын арттыру. Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, туған жеріне құрмет ете білуге тәрбиелеу.

Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған онкүндіктің оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол боларына сенімдіміз.