"Білім - ақыл - ойдың санасы, Тәрбие - ізгіліктің жалғасы" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білім - ақыл - ойдың санасы, Тәрбие - ізгіліктің жалғасы"
10
май
2024

"Білім - ақыл - ойдың санасы, Тәрбие - ізгіліктің жалғасы"

🏢№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 15-26 сәуір аралығында "Білім - ақыл - ойдың санасы, Тәрбие - ізгіліктің жалғасы" тақырыбында бастауыш сынып бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. 
🔰Онкүндіктің ашылу салтанатында сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева ұстаздар қауымын, оқушыларды онкүндіктің ашылу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі.
🔰Онкүндіктің жұмыс жоспарымен бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі А.Акишева таныстырды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің  ұйымдастыруларымен өткізілген онкүндік жұмыс жоспарлары: 
15 сәуір күні "Білім - ақыл - ойдың санасы, Тәрбие - ізгіліктің жалғасы" онкүндіктің ашылуы.
16 сәуір күні "Қымбат арзан", математика пәні (ашық сабақ) А.Акишева.
17 сәуір күні Қорытындылау, математика пәні (ашық сабақ) В.Демесинова.
"Сын есім", 46-50 жаттығу, қазақ тілі пәні (ашық сабақ) А.Абилдаева.
18 сәуір күні "Дара және күрделі сан есімдер", қазақ тілі пәні (ашық сабақ) Қ.Маханбетова.
"Электр құбылысы" Жаратылыстану пәні (ашық сабақ) Р.Умирзакова.
19 сәуір күні "Заттың қимылын білдіретін сөздер". Ана тілі пәні (ашық сабақ) Ғ.Еркінбекова.
"Табиғат және менің қауіпсіздігім". Дүниетану пәні (ашық сабақ) Т.Бирканова.
22 сәуір күні "Интернет кітапты алмастыра ала ма?" дебат А.Акишева.
23 сәуір күні "Ақпараттар әлемі", интелектуалды сайыс. Р.Умирзакова.
"Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы", 
оқуға құштар мектеп. Қ.Маханбетова.
24 сәуір күні "Ағам, тәтем және мен", спорттық сайыс. А.Акишева, Ғ.Еркінбекова.
25 сәуір күні "Жол тәртібін білейік", тәрбие сағаты. Т.Бирканова.
"Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды жақсартудың кепілі", коучинг. В.Демесинова.
26 сәуір күні "Білімді ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында онкүндіктің жабылуы.
🔰Онкүндіктің жабылуы барысында 2 сынып жетекшілері К.Нағызбекова, А.Абилдаеваның ұйымдастыруымен оқушылар тетарландырылған көрініс көрсетті. Театрландырылған көріністе экран арқылы саяхатшы Дара сынып оқушыларымен Түркістан, Шымкент, Алматы, Астана қалаларына саяхат жасай отырып, түрлі ұлт өкілдерімен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар түрлі ұлт өкілдерімен би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Онкүндіктің жабылуын бастауыш сынып мұғалімдері "Жақсы адамдарым" әнімен қорытындылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив