ҰЛЫ ТҰЛҒА - ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ


№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп интернатында кітапханашылардың ұйымдастыруымен қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл - парасатымен дараланған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай "Ғасырдың дана перзенті" тақырыбында 7 сынып оқушылардың қатысуымен танымдық сағат өткізілді.

Танымдық сағат барысында оқушылар кемеңгер басшының отбасы, өмірі, ел дамуы үшін қосқан үлесі туралы деректермен танысып, білімдерін кеңейтті.

Танымдық сағаттың мақсаты: Кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын таныстыру, үлгі ету.