Мұстафатанушы ғалыммен кездесу » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұстафатанушы ғалыммен кездесу
24
апрель
2023

Мұстафатанушы ғалыммен кездесу

Бүгін Қызылорда қаласы “8 облыстық арнайы санаториялық мектеп интернаты мен М.Ә.Сужиков атындағы “6 орта мектептің оқушылары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  Университеті “Мұстафа Шоқай” ғылыми орталығының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, Мұстафатанушы ғалым Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлымен кездесті. 
       Кездесуде атақты Мұстафатанушы ғалым жас ізденушілермен Мұстафа Шоқай туралы тың деректермен, өзінің ғылыми зерттеулерімен бөлісті. Атақты ғалым Ә.Қ.Бәкір 2022 жылдың тамыз және қараша айларында т.ғ.к., доцент Тайман Сағат Тамшыбайұлымен бірге “Мұстафа Шоқай мұрасындағы қолжазбалардың тарихи-деректілік құндылығы” атты ғылыми жоба негізінде Москва, Франция елдеріндегі ғылыми іс-сапарда болған еді, сол сапардың зерттеу нәтижелері оқушыларға аса қызықты болды. 
    Ал ”Мұстафа Шоқай” ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Жүсіпбекова Ботагөз Арыстанбекқызы орталықта орналасқан 8 планшетке жинақталған Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұраларын насихаттауға арналған құнды фото және мұрағат материалдары, сонымен қатар Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеушілер: тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Л.Есмағанбетовтың және Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қор төрағасы Б.А.Атабаевтың және университет кітапхана қорынан берілген еңбектермен таныстырды. 
      Оқушылар Мұстафа Шоқай туралы білімдерін арттырып қана қоймай, жаңа ғылыми ізденістер мен қызықты жобаларды бастау үшін шабыт алды.
Абилгазиева Қазтай, Фариза Ержанова- 2 курс магистранттары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив